Астана халықара­лық форумына қатысып, пікір алмасудың бізге берері көп. Бұл орайда ынты­мақтастықты дамыту жолындағы Қазақстанның көшбасшылығын толық қолдаймыз .

Бүгінде АХФ энерге­тика­дағы бетбұрыс, экономиканы әртараптандыру және климат­тың өзгеруіне төзімділік бағы­тын­дағы саясаттарды қалыптас­тыруда маңызды рөл атқарады. Аталған салалардың барлығында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) белсенді жұмыс істеп келеді.

Қазақстандағы ең ірі әрі техни­калық тұрғыдан дамыған мұнай-газ жобаларының бірі ретін­де Қарашығанақ жобасы елдің энергетикалық қауіпсіздігі, өнер­кәсіптік дамуы және қоршаған ортаны қорғау сияқты салаларда ерекше орын алады. 2024 жылы КПО БҰҰ-ның беделді бастамасы – мұнай-газ секторының метан шығарындыларына қарсы күрес жөніндегі серіктестік (OGMP 2.0) бағдарламасына қосылды. Мен энер­гетика болашағы жауапты әріп­тестікте екеніне нық сенемін және бұл бағытта Қазақстан көш бастап тұр. КПО Қазақстан­ның стратегиялық мақсаттарына – жергілікті қамтуды барынша арттыру және инфрақұрылым­ды жаң­ғыртудан орнықтылық­қа бағыт­талған бастамаларды ілгерілетуге дейін – нақты үлес қосып келе жатқанын мақтан тұтады. Бұл жұмыстардың барлығы – КПО-ның ұзақмерзімді «КПО 365» стратегиясының ажырамас бөлігі.

Марко Марсили,

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының бас директоры