Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Мереке күндері Алматы метрополитені қалай жұмыс істейді

Алматы метрополитені демалыс және мереке күндері қалай жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метрополитеннің баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс және мереке күндері Алматы метросы қалыпты режимде жұмыс істейді.

Метрополитеннің жұмыс уақыты – таңғы 06:20-дан түнгі 00:00-ге дейін.

“1-5 қаңтар аралығында мерекелік күндерге және жолаушылар санының өзгеруіне байланысты пойыздар қозғалысының аралығы 12 минут болады.

Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз”, — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз