Астанада Жаңа жылға арналған отшашу екі жерде ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық салют атылады.

Отшашулар екі жерде ұйымдастырлады: Ботаникалық бақта және "Атырау" көпіріне іргелес аумақта.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Атырау" көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда, EXPO аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін Жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз