Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасы бекітілді", — делінген хабарламада.
Ақорданың хабарлауынша, тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз