2022 жылы аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Ресей азаматы Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

"Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады.

Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді", — делінген хабарламада.

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Ол осы жылдың қыркүйек айында Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазір уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз