Қазақстандық актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова анасына Астана қаласынан пәтер сыйлаған. Қуанышты хабармен ол желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ол Instagram парақшасында бұл күнге жылдар бойы дайындалғанын жазды.

"Соңғы 5 жылда анашым мен үшін, балаларымның қамы үшін екі қаланың ортасында шапқылауда. Алматыға барып, әкемнің жағдайын жасап, тоңазытқышын тамаққа, бауырсақ пен самсаға толтырады да, Астанаға асығады.Себебі мұнда менің балаларым толық анашымның қамқорлығында, мейірімінде өсуде. Алаңсыз іссапарда жүріп, жұмыс істеп, шығармашылығымды шыңдауым осы кісінің қолдауының арқасында",- деп жазды актриса.

Сондай-ақ, ол нақты мақсатын екі жыл бұрын қойғанын айтты.

"Әкем өмір бойы мемлекеттік қызметте. Ғылым жолында инемен құдық қазып келеді. Ойы тұнық кезінде, бар білгенін шәкірттеріне үйретіп қалуды ең маңызды миссия санайды. Мен әкеммен толық келісемін. Ұстаздық етуден маңызды ештеңе жоқ. Демалысқа шығамын десе, Астанаға көшуге ұсыныс айтарым анық. Соңғы жылдары өзім жалдамалы пәтерді көп ауыстырдым. Шыны керек шаршадым. Оңай емес. Менде үй күтушісі, балаларыма көмекші, көлік жүргізуші деген жоқ. Балаларды өзім тасимын. Анашым үйден шығарып салып, күтіп алып, қажет кезде еркелетіп, дер кезінде тәк деп отырады.Екі жыл бұрын жүрегімде арман пайда болды. Мақсат қойдым. Анашыма Астанамнан, өз үйіме жақын жерден пәтер сыйлаймын деп. Осы арманның арқасында талмай тірлік қылдым". Жұлдыз Әбдукәрімова

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Өз кезегінде актрисаның оқырмандары құтты болсын айтып, ізгі-тілектерімен пікір қалдырды.

  • Анаңызға не алып берсеңізде аз. Жарайсың, Жұлдыз! Құтты үй болсын.
  • Бұл шаңыраққа құт-береке қонып, ішін әрдайым шаттық пен жылулық толтырсын.
  • Анаңыздың ғұмыры ұзақ, денсаулығы мықты болып, үйдің іші күлкі мен қуаныштан арылмасын. Осы үйде тек жақсы жаңалықтар айтылып, береке мен бірлік орнасын. Құтты қоныс болсын!
  • Құтты шаңырақ, берекелі орда болсын.

Бұған дейінҚайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың желіні кезекті мәрте шулатқанын жазғанбыз.