Рио-де-Жанейрода жарнамалық баннерді көкке алып ұшқан жеңіл моторлы ұшақ Копакабана жағажайы маңында теңізге құлады. Ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Republic World басылымы мәліметінше, жарнамалық компанияға тиесілі Cessna 170A танымал жағажайдың маңында теңізге құлдилай құлаған. Аталған оқиға куәгерлер арасында дүрбелең тудырды.

Құтқару топтары апат болған жерде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сүңгуірлер де теңіз түбін барлауда.

Апатты тергеуді Бразилия әуе күштері өз қолына алды, ресми тұлғалар ұшақ сынықтарын зерттейтін болады. Апатқа не түрткі екені әлі белгісіз, бірақ тергеу тобы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.

Os Bombeiros confirmaram a localização de um corpo, no mar de Copacabana, por volta das 15h15. O cadáver seria do piloto de um avião de publicidade que caiu na água neste sábado (27).

Banhistas registraram o momento da queda da aeronave. O corpo foi encaminhado ao IML. pic.twitter.com/OsbXDMCguf

— Wagner Ferreira (@wagnerpress) December 28, 2025

Бұған дейін Мексикада кісі толы бизнес-джет апатқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын.