Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын онлайн-қызметтер индексінде әлемдегі ең үздік 10 елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің мәлімдеуінше биыл елімізде екі суперкомпьютер іске қосылған. Олардың бірі әлемдік рейтингтегі 500 жүйенің ішінде 86-орынды иеленсе, екіншісі үздік 103-тің қатарына енді.
Министр сондай-ақ Astana Hub еліміздің 20 өңірінде жұмыс істеп жатқанын және шетелге де шыққанын атап өтті.
Еліміздің суперкомпьютері ТОП-100 қатарына енді
Қазіргі таңда хабтар АҚШ, Қытай, БАӘ және Ұлыбританияда ашылған.