Кәсіпқой бокста Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бүгінге дейінгі мансабында қомақты қаржы табыс тапқан. Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған боксшының жалпы табысы шамамен 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.
Бұл мәліметті спорт саласындағы шетелдік SurpriseSports порталы жариялады. Сарапшылардың мәліметінше, Әлімханұлының табысы тек жекпе-жектерден алынған гонорармен шектелмейді. Оған телетрансляция үлесі, демеушілік келісімдер мен жарнамалық табыстар да кіреді.
7 желтоқсанда отандасымыз WBA тұжырымы бойынша «алтын белбеу» иегері, кубалық Эрисланди Ларамен қолғап түйістіруге тиіс болған. Алайда жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда Жәнібектің ағзасынан рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектердің ізі анықталғаны хабарланып, кездесу ресми түрде тоқтатылды.