Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта былай делінген:

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін президент Тараздағы жаңа әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынып, батырға "Халық қаһарманы" атағын беретіні хабарланған.