Бас прокуратураның мәліметінше, биыл телефон алаяқтары 6,1 мыңнан астам азаматты алдаған. Құзырлы орган алаяқтардың әдістері қиындағанмен, негізгі схема өзгермегенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.


Алаяқтар азаматтарды алдап-соғуда жәбірленушінің телефонына «1414» қысқа нөмірінен хабарлама жіберу әдісін жиі пайдаланады.

Олар мемлекеттік органдар, банк пен полиция немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін ұсынып, телефонға жіберілген кодты сұрайды.

Енді азаматтарға 1414 арқылы SMS-код жіберілмейді

Кибералаяқтық фактілері бейне байланысты талап ететін жағдайлар да тіркелген. Сондықтан мемлекеттік органдар енді «1414» хабарламасын пайдаланатын жүйелерге тек биометриялық аутентификацияны (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе QR-кодты (eGov QR) қолдануды тапсырды.

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап аталған талаптарды енгізбеген жүйелер «1414» SMS-шлюзінен ажыратылған.

Кибералаяқтар Франция поштасын бұғаттап тастады

Қабылданған шаралар негізінде Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайтынын еске салып отыр. Сондай-ақ ақша аударуға арналған ешқандай «қауіпсіз шоттың» жоқ екенін, күдік тудыратын қоңыраулар кезінде үшінші тұлғаларға жеке деректерді бермеу керек екенін ескертті.

Ал алаяқтардың әрекетіне байланысты күмәнді жағдай туса дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласу қажет.