Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру енгізілді, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ

Компания pki.gov.kz жеке кабинетінде электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңі енгізілгенін нақтылады.

Кілттерді қайта шығару кезінде қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:

  • SMS арқылы – Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге бір реттік код жіберіліп, оны енгізу арқылы;
  • eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттағы кодты енгізу арқылы.

Айта кетейік, бұл механизм Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.

"Қабылданған шара пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін заңсыз қолданудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған және кілттерді қайта шығару процесін сенімдірек етеді", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз