Синоптиктер ертең, 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидрометтің" болжамынша, еліміздің батысында көктайғақ болатынын, оңтүстігінде тұман түседі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
25 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, шығысында орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, кешке көктайғақ күтіледі.
25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.
25 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
25 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 25 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскеменде жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
25 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семейде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
25 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
25 желтоқсанда Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда көктайғақ, тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 25 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі. Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 25 желтоқсанда екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 17-19 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 27-29 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз