Бортында Ливия Бас штабының бастығы бар Анкарадан ұшып шыққан ұшақпен байланыс жоғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Boşuna tıklama басылымының жазуынша, қазіргі уақытта Анкараның әуе кеңістігі ұшу үшін жабық.
"Анкарадағы Эсенбога әуежайынан Триполи бағытында ұшып шыққан Falcon 50 типті ұшақпен байланыс 20:52-де жоғалды. Химана аймағына шұғыл қону туралы өтініш түскен, дегенмен содан бері байланыс қалпына келмеді. Ұшақтың бортында бес жолаушы бар, оның ішінде Ливия Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Мұхаммед Әли Ахмед Әл-Хаддад та бар", – делінген ақпаратта.
Ali Yerlikaya: "Ankara Esenboğa Havalimanı’ndan Tripoli’ye gitmek üzere havalanan, Falcon 50 tipi jet ile saat 20.52 itibarıyla irtibat kesilmiştir.
— Boşuna Tıklama (@bosunatiklama) December 23, 2025
Haymana civarında acil iniş bildirimi alınmış; ancak sonrasında yeniden temas sağlanamamıştır.
Libya Genelkurmay Başkanı… pic.twitter.com/SJaEQhxA3d
Бұған дейін Ким Чен Ынның қызымен бірге Солтүстік Кореядағы жаңа қонақүйлерді тексеріп шыққанын жазғанбыз.