Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

“Көлігі қар астында қалған”: Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан ер адам көлігінің ішінде көз жұмған

Қарағанды облысында 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ер адам жеңіл автокөлікпен мал іздеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған.

“23 желтоқсанда шамамен сағат 11:00-де іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен зейнеткерге тиесілі автокөлікті анықтады. Көлік Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта, Ортау ауылы бағыты бойынша, таулардың ортасындағы дала жолынан табылған. Автокөлік қарға көміліп қалған. Автокөлік салонын тексеру кезінде көліктен ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ”, — деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз