Облыс әкімінің өкімімен Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Кучуков Ермек Ербатырұлы тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ермек Ербатырұлы 1974 жылы Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде дүниеге келген.

1998 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген, 2000 жылы "Акушерлік және гинекология" мамандығы бойынша клиникалық ординатураны аяқтаған.

2017 жылы Инновациялық Еуразия университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Павлодар облысының Жамбыл ауылында электромонтер болып бастаған.

2000-2009 жылдары Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер-онколог болып жұмыс істеген.

2009-2015 жылдары "Көліктегі медициналық қызмет көрсету" АҚ-ның "Павлодар станциясының теміржол ауруханасы" гинекология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2015-2018 жылдары Павлодар қалалық №1 ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болған.

2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін "Павлодар теміржол ауруханасы" ЖШС-нің директоры қызметін атқарған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз