Яндекс Карта мобильді қосымшасында ұйымдардың профилін ашу және оны басқару мүмкіндігі пайда болды. Бұл жаңашылдықтың арқасында геосервистің миллиондаған пайдаланушылары үшін бизнестің картадан көрінуі оңайырақ болады.
Сауалнама мәліметтеріне бойынша*, Қазақстан тұрғындарының 43%-ы картографиялық сервистерді айына кемінде бір рет пайдаланады, ал олардың 85%-ы картаны нақты орындарды іздеу үшін қолданады.
Енді бизнес иелері өз ұйымдарын смартфон арқылы картаға оңай қоса алады. Профильді баптау кезінде бизнес санатын дұрыс таңдау қажет – бұл клиенттердің сізді тезірек табу ықтималдығын арттырады.
Мобильді құрылғы арқылы негізгі ақпаратты өңдеуге мүмкіндік бар. Мәселен, мекенжай, телефон, сайт, жұмыс кестесі және әлеуметтік желілерге сілтемелерді ауыстыру. Сондай-ақ фотосуреттер, видеолар мен логотиптерді жүктей аласыз. Одан өзге, пікірлерге жауап беру арқылы клиенттермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі.
Профильдегі барлық өзгерістер туралы Push-хабарландырулар мен email-хаттар жаңа пікірлерден жедел хабардар болуға және оларға жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
Егер компания Яндекс Картада бұрыннан бар болса, профильді басқару құқығын алу оңай – видео немесе SMS арқылы верификациядан өту жеткілікті. Профильдегі ақпаратты актуалды күйде ұстайтын компаниялар "қожайыны растаған" белгісімен ерекшеленеді.
Яндекс Карта мәліметтері бойынша, тек 2025 жылдың ішінде Қазақстанда верификациядан өткен ұйымдардың саны 30%-ға артты.
Анықтама: *Yandex Qazaqstan онлайн-сауалнамасының мәліметтері. Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан интернет пайдаланушылары. Сауалнама жүргізілген кезең –2025 жылғы тамыз, іріктеу жиынтығы – 1500 адам.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз