28 мамырда ОПЕК+ альянсы онлайн форматта кезекті министрлік кездесуін өткізіп, 2024 жылдың желтоқсан айында бекітілген мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу туралы ортақ шешімге келді.
Бұл туралы ОПЕК+ ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай шешім мұнай нарығындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында қабылданып отыр, деп жазады inbsuiness.kz сайты.
Былтыр жыл аяқталар тұста ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді тәулігіне шамамен 2 млн баррельге қысқарту туралы келісімге келген болатын. Бұл шектеу 2026 жылдың соңына дейін сақталады. Ресей мен Сауд Арабиясы осы кезең ішінде қосымша 1,66 млн баррельге дейін өндірісті ерікті түрде қысқартуға келісім берді.
Өткен айда мұнай өндірісі төмендеді, бірақ OPEC+ межесінен әлі де асып тұр. Әлемдегі мұнай өндірушілердің ең ірі ондығына кіретін Қазақстан үшін сәуір айына тәулігіне 1,473 млн баррель мұнай өндіруге рұқсат берілген. Алайда, еліміз квотадан сәл асып ұйым тарапынан ескерту алғаны бар.
Айта кетейік, OPEC+ ұйымы алдыңғы 2 ай қатарынан өндіріс көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдаған. Соның салдарынан қара алтын бағасы түсіп кетті.