Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Ли Чжэ Меңді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президент құттықтау жеделхатында Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген.

Сонымен қатар Корея президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Меңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз