Желіде Алматы университеттерінің бірінде студент оқытушыны жаралады деген ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты қалалық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан видеоны Qumash Telegram-арнасы жүктеді. Кадрлардан пышақ пен еденде жатқан ер адамды көруге болады. Оқиға алматылық ЖОО-лардың бірінде болғаны, студент оқытушыны пышақпен жаралаған делінген ақпаратта.

Осы жайтқа байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД-ға хабарласып, пікір сұраған. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықалып жатыр", — делінген ПД ұсынған ақпаратта.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз