Жапонияның Аомори префектурасының шығысында 5,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас метеорологиялық агенттіктің деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10:29-да (Астана уақыты бойынша 06:29-да) тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 50 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен өңірде орналасқан АЭС жұмысындағы ақаулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сарапшылар аймаққа цунами қаупі төніп тұрмағанын айтады.
Бұған дейін 8 желтоқсанда Жапонияның солтүстігінде биылғы ең күшті жер сілкінісі болғаны хабарланған. 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін билік бірден цунами қаупі барын ескертіп, дабыл қаққан.