2025-2026 жылдардың қысқы маусымында қала аумағында 11 әлеуметтік (тегін) мұз айдыны жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған мұз айдындары келесі аудандарда орналасқан:
- Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы және Тұңғыш Президент Қорының саябағы (Ганди көшесі);
- Алатау ауданы – Almaty Arena;
- Медеу ауданы – Республика сарайы, "Халық Арена", 28 панфиловшылар саябағы;
- Наурызбай ауданы – аудан әкімдігі аумағында;
- Түрксіб ауданы – "Авиатор" стадионы;
- Жетісу ауданы – Kokjiek Garden және "Гүлдер" саябақтары;
- Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы аумағында.
Әлеуметтік мұз айдындар қыс бойы ашық болады, кіру тегін.