Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, адам капиталы – дамудың басты қозғаушы күші. Жапония бұл формуланың дұрыстығын нақты дәлелдеді.
"Адам, еңбекке құрмет көрсету, ұдайы жетілуге ұмтылу, өмір бойы оқу, өскелең ұрпаққа білім беру – Сіздің мемлекетіңіздің артықшылығы. Қазақстан білім саласын белсенді дамытып жатыр. Әсіресе, шетелдік серіктестерімізбен бірге осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Елімізде шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты қызмет етуде".Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Жапонияға Қазақстанда университеттер мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.