Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қар жауып, боран соғады

“Қазгидромет” РМК синоптиктері 2025 жылғы 20 желтоқсан, сенбі күні ел аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер Қазақстанның бүкіл аумағында өз ықпалын сақтайды.

“Қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігінде қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі”, — делінген “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді.