Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдағы төрт жылда жарамдылық мерзімі аяқталатын жүргізуші куәліктерін міндетті түрде ауыстыру қажет деген ақпарат тараған. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік өкілдері жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізілмегенін хабарлады.

"Жүргізуші куәлігі тек олардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда және қолданыстағы белгіленген тәртіпке сәйкес ауыстырылады. Қосымша талаптар, соның ішінде қайта емтихан тапсыру немесе қандай да бір шектеулер қарастырылмаған.

Полиция азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға шақырады.

Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз