Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық аренада беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті жүйелі түрде дамытып келеді.
"Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның бүкіл Еуразия кеңістігінде сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп санаймыз. Сонымен қатар Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыс, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланыстарды күшейтеміз. Жапонияның Қазақстан үшін орны ерекше. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін достық қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент геосаяси тұрғыдан бөлшектенген қазіргі әлем жағдайында Қазақстанның теңгерімді әрі дәйекті ұстанымы конструктивті дипломатияны нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.