Бұл туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.


Келесі жылы елімізге 3-4 жолбарыс жеткізіледі. Сонымен бірге, биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстары күшейтілмек.

– Биыл тиісті Тұжырымдаманы бекіту жоспарлануда. Жалпы алғанда елімізде сирек кездесетін жануарлар түрлері: арқар, жейран, құлан және тоғай бұғысының саны артып келеді, – деді ол.

Министр Тұран жолбарысы мен Кертағы (Пржевальский) жылқысын қайта жерсіндіру бойынша ауқымды жобалар жүргізіліп жатқанын айтты.

– Прага зообағымен бірлесіп, 2024-2025 жылдары 14 Кертағы жылқысы елімізге жеткізілді, 2026 жылдың маусым айында тағы да 7–8 жылқыны әкелу жоспарланып отыр. Ресей Федерациясымен уағдаластық бойынша Жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылы 3–4 жолбарыс әкелу жоспарланып отыр, – деді Ерлан Нысанбаев.