Ұлттық талдау орталығы жүргізген зерттеуге қатысқандар осылай дейді.

2025 жыл елде қандай өзгерістер болды деген сұраққа мың респонденттің 81 пайызы мемлекеттік цифрлық қызметтер барған сайын қолжетімді бола түсті деп жауап берді. Демек елде күнделікті мәселелерді шешу әлдеқайда ыңғайлы деген сөз. Маңызды көрсеткіштердің тағы бірі – инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты қоғамның көзқарасы. Дауыс берушілердің 75 пайызы биыл ескірген желілерді қалпына келтіру үшін нақты шаралар қабылданды деп санайды. Бұл нәтиже инфрақұрылымдық жұмыстардың күнделікті өмірде де айқын байқалатынын көрсетеді.