Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеуде үйде босану кезінде көз жұмған жаңа туған нәрестенің өліміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл жөнінде ТАСС агенттігі жазды.

Тергеу комитетінің мәліметінше, қылмыстық іс РФ Қылмыстық кодексінің 235-бабының 2-бөлігі (медициналық қызметті заңсыз жүзеге асыру) және 238-бабының 2-бөлігі "В" тармағы (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша тіркелген.

ТАСС дерегіне сүйенсек, қайғылы оқиға Полина Осипенко көшесіндегі тұрғын үйдің пәтерінде болған. 13 желтоқсан күні кешке босандыру үшін 1965 жылы туған әйел келген. Ол өзін босандыру ісінің дағдыларын меңгергенмін деп таныстырған. Алайда оның жоғары медициналық білімі де, "акушерлік және гинекология" мамандығы бойынша біліктілігі де болмаған.

Нәресте 2025 жылдың 14 желтоқсанында дүниеге келген. Біраз уақыт өткен соң оның жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер көрсеткен медициналық көмектің нәтижесіне қарамастан, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Қалалық Тергеу комитетінің тергеушілері күдіктіні ұстады. Жақын арада оған ресми айып тағылады", – деп қосты ведомство өкілдері.

Құқық қорғау органдарының нақтылауынша, ұсталған әйел – блогер Айша Чигга.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гонконг тұмауына қатысты алаңдаушылық білдіруде екенін жазғанбыз.