Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан-Астанаға бағыт алған ұшақтағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда Алматы – Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған компания ұшағы борттағы кондициялау жүйесінен өзгеше иістің шығуына байланысты экипаждың шешімімен ұшып шыққан әуежайға оралған.
"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07:40-та штаттық режимде орындалды.
Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды", — делінген хабарламада.
Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те ұшады.
Бұл оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі бүгін таңертең Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал бергенін хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз