Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Ұлттық бірыңғай тестілеудің трансформациясы қалай жүзеге асатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, министрлік ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында америкалық компаниямен бірлескен жұмысты бастаған. Трансформация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

"2027 жылдан бастап пилоттық режимде енгізіліп, одан кейін 2029 жылға дейін ауқымды түрде кеңейту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта формат бұрынғы күйінде қалады", — деді вице-министр мәжіліс кулуарында.

Айта кетелік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру және таланттарды дамыту саласындағы халықаралық ұйыммен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеуді трансформациялауға бағытталған стратегиялық әріптестікті бастағанын мәлімдеген еді.

Министрліктің мәліметінше, ұйымның білімді бағалау саласындағы жаһандық тәжірибесіне сүйене отырып, Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы жаңартылады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз