Ертең, 18 желтоқсанда еліміздің көптеген өңірінде қар жауады. Кей облыста тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлады синоптиктер.

18 желтоқсанда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

18 желтоқсанда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған: 18 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.

18 желтоқсанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 18 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі. Қонаев қ.: 18 желтоқсанда түнде көктайғақ, тұман күтіледі.

18 желтоқсанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 18 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

18 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

18 желтоқсанда күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

18 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 18 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

18 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

18 желтоқсанда түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 18 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 18 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

18 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

18 желтоқсанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

18 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 18 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

18 желтоқсанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

18 желтоқсанда Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз