Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылдың алғашқы тоғыз айында қалада орташа айлық жалақы 539 000 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің айтуынша, қаланың басты басымдығы ұзақмерзімді дамудың негізі саналатын тұрақты экономикалық өсім болып қала береді. Ол Алматы биыл жоғары іскерлік белсенділік пен оң инвестициялық серпінді сақтап қалғанын атап өтті.

Сонымен қатар әкім қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылғанын сөз етті. –

"2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылды, оның 87 пайызы тұрақты.

Қаладағы алғашқы тоғыз айда орташа айлық жалақы 539 мың теңгеге жетті, номиналды көрсеткіш бойынша 14,5 пайызға өсіп, республикалық орташа көрсеткіштен 29 пайызға асып түсті", — дейді Дархан Сатыбалды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз