Қазақстанда отшашу атуға тыйым салынбаған, бірақ оларды қауіпсіздік ережесін сақтамай атқандар айыппұл төлейді. 2025 жылы айыппұл мөлшері 78 640 теңге, ал 2026 жылы 86 500 теңге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандықтар үшін отшашу – Жаңа жылдың басты белгілерінің бірі. Қазақстанда отшашу атуға тыйым салынбағанымен, құқық қорғау органдары қауіпсіздікті ескермей отшашу пайдаланғандарды жазалайды.
Отшашуды тек белгілі бір жерде ғана атуға болады. Ондай жерге тұрғын үйлерден кемінде елу метр қашықтықтағы бос кеңістіктер жатады. Сондай-ақ аумақ ағаштардан, электр желілерінен және отшашу тиюі мүмкін басқа да кедергілерден таза болуы керек.
Әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес, бұл талапты орындамағандарға 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады, ол 2025 жылы 78 640 теңгеге тең. Айта кету керек, 16 жасқа толмаған балаларға отшашу атуға тыйым салынады. Ата-аналарға да бұл ережені бұзғаны үшін 78 640 теңге айыппұл салынады.
Отшашуды көпшілігі Жаңа жылдық түн кезінде, сағат тілі 00:00-ден ауған шақта басталатынын ескеру маңызды. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш өседі, онымен бірге рұқсат етілмеген жерлерде отшашу атқаны үшін айыппұл 86 500 теңгеге жетеді.
Айта кету керек, кодексте азамат бір жауапкершілікке тартылғаннан кейін бір жыл ішінде осы құқық бұзушылықты қайталаса айыппұлды 30 АЕК-ке дейін арттыру көзделген.
Қарапайым тілмен айтқанда, егер Қазақстан азаматы 2025 жылы отшашуды дұрыс емес жерде атса, 78 640 теңге төлейді. Егер ол 2026 жылдың басында қайтадан құқық бұзса, 129 750 теңге төлеуге мәжбүр болады.
Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында отшашу атуды жоспарлап отырған қазақстандықтар мерекелік көңіл күйді түсірмес үшін осы шектеулерді ескеруі керек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз