Якутияда аяз күшейді.


Өткен түнде ауа температурасы -50-қа дейін төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таттин ауданында аяз 60 градусқа таяды. Мектеп оқушылары қашықтан сабақ оқиды.

Айта кетейік, Якутиядағы Верхоянск пен Оймякон әлемдегі ең суық елді мекендер саналады. Бұған дейін бұл өңірлерде сынап бағанасы 67 градусқа дейін төмендеген.

Синоптиктер алдағы қыс айлары әдеттегіден суық болады деген болжам жасап отыр.