Әлеуметтік желіде Мәскеу түбіндегі мектепте оқушыларға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Күдікті жасөспірім болып шықты. БАҚ-тың мәліметінше, ол ұсталған.
РЕН ТВ арнасы тілшілерінің хабарлауынша, оқиға Одинцовоға қарасты Горки-2 ауылындағы Успен мектебінде болған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Ғимараттың жанында бірнеше жедел жәрдем көлігі тұр.
Куәгердің сөзіне сүйенген РИА Новости агенттігі тілшілерінің хабарлауынша, мектептегі барлық оқушы эвакуацияланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім күзетші мен оқушыға пышақ салған. Бала көз жұмған.
SHOT-тың мәліметінше, шабуыл жасаған бала оқушылардың бірімен кабинетте қалып, есікті жауып алған. Кепілге алынған бала зардап шекпеген. Бір бала қаза тауып, үшеуі жарақат алған.
Кейінгі мәліметтерге сәйкес, арнайы жасақ шабуыл жасаған баланы қолға түсірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол сол мектептің тоғызыншы сынып оқушысы. Әлеуметтік желіде оны полиция көлігіне отырғызып, әкетіп бара жатқан видео тарады.
Ресей тергеу комитеті Мәскеу облысындағы мектепте болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Бүгін таңертең Одинцово қалалық округіне қарасты Горки-2 ауылында орналасқан білім беру мекемелерінің бірінде кәмелетке толмаған күзетші мен оқушылардың біріне пышақ салып, салдарынан бала алған жарақатынан көз жұмды" , — делінген Тергеу комитетінің мәлімдемесінде.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнында куәгерлер түсірген кадрлар жарияланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз