2025 жылғы 15 желтоқсанда Мехикоға қарасты Толука әуежайының маңында жеке ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басылым Milenio мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақ, болжам бойынша, Cessna Citation III бизнес-джеті Акапулько қаласынан Толукаға рейс орындап келген. Қайғылы оқиға әуежайдың ұшу-қону жолағынан шамамен 5,7 км қашықтықта орын алды. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, ұшақ автосервис аумағына құлап, жарылыс болып, өрт шыққан.
Ұшақта 10 адам болған: екі экипаж мүшесі және сегіз жолаушы. Алғашқы мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тапқан.
Оқиға орнына жақын муниципалитеттердің өрт сөндіру бөлімшелері, азаматтық қорғау қызметі, полиция және Мексика Қызыл Крестінің қызметкерлері тез арада жеткен. Апат себептерін тергеу үшін федералдық азаматтық авиация агенттігі мен Мехико штатының билігі қатысатын жұмыс тобы құрылған.
Бұған дейін Американың әуе компаниясына тиесілі ұшақ Амстердамнан Арубаға ұшып келгенде, жолаушылар ұшақта ірі қоян тұқымды тышқан көргенін хабарлаған.