Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толықтай іске қосылды.
Әкімдіктің хабарлауынша, "жаңартылған жарықтандыру қаладағы ең танымал инженерлік нысандардың бірі саналатын телемұнараның бірегей құрылымын айқындап, оны мегаполистің кешкі келбетінің айшықты нүктесіне айналдырған".
"Осылайша нысан тек қалалық инфрақұрылымның функционалдық бөлігі ғана емес, сонымен қатар Алматының заманауи сәулеттік жарықтандыруының маңызды элементіне айналды.
Жоба аясында заманауи жарық прожекторларын орнату, жаңа кабель желілерін тарту, сондай-ақ әртүрлі жарық үлгілерін жасауға мүмкіндік беретін интеллектуалды басқару жүйесін енгізу бойынша кешенді жұмыстар атқарылды", — делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз