Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қаласында тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары барысында қайғылы оқиға болды. Көтергіш құрылғының сым арқаны үзіліп, салдарынан бір жұмысшы көз жұмды.
Полицияның мәліметінше, оқиға 14 желтоқсан күні құрылыс нысандарының бірінде болған. Қасбетті жөндеу кезінде ілулі тұрған көтергіштің сым арқаны үзіліп, оның ішінде болған 41 жастағы ер адам биіктіктен құлаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға болған жерде қаза тапты.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Үндістанда үй шаруасындағы 118 млн әйелге тұрақты "жалақы" беріле бастады
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.