2025 жылғы 15 желтоқсанда Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптаға арналған жоспарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған, — деп жазылған ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.