Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Еліміздің бес өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

“ҚазАвтоЖол” компаниясы 14 желтоқсанда ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысы:

  • “РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы” автожолының 1 153-1 240 шақырым аралығындағы Ырғыз елді мекенінен Қызылорда облысының шекарасына дейін;
  • “Ақтөбе- Орал-РФ шекарасы” автожолының 526-610 шақырым аралығындағы Батыс- Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін.

Қызылорда облысы:

  • “РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы” автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін.

Батыс- Қазақстан облысы:

“Ақтөбе- Орал-РФ шекарасы” автожолының 394-526 шақырым аралығындағы Жымпиты елді мекенінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін;

Маңғыстау облысы

  • Республикалық маңызы бар “Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау” 332–632 шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін;

Абай облысы

  • Республикалық маңызы бар “Таскескен- Бахты- ҚХР шекарасы” автожолының 0-187 шақырым аралығындағы Таскескен елді мекенінен ҚХР шекарасына дейін барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз