Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, Ақтау мен Атырау әуежайларында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар рейстер кешігетінін хабарлады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әуекомпания өкілдерінің хабарлауынша, Ақтау және Атырау әуежайларында күннің бұзылуына және ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын істеу мүмкін болмай жатқанына байланысты бірқатар рейстер кешігіп жатыр.
Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейстің күйі туралы ақпаратты ресми сайттан немесе мобайл қолданбадан қарап алу ұсынылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз