Құтқарушылар тау басына шығып, өздігінен түсе алмай қалған екі туристке көмектесті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеше Алматы облысының 112 қызметіне Талғар ауданы Башута шыңында 1987 және 1997 жылы туған екі адам тауға көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмай жатқаны туралы хабар түсті.

Құтқарушылар өтініш берушілерге жетіп, оларға төменге тау-шаңғы курортына дейін түсуге көмектесі.

"ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады", — делінген ресми хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз