Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.
Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Бұған дейін бокстан Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.