Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды.

Тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқасының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды", — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.

Бұйрық 2025 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз