Қызылорда облысында полицейлер жедел түрде қорқытып ақша алу дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.


2025 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында басқа облыстың тұрғындарынан 10 мың АҚШ долларын күш көрсету арқылы талап еткен Шиелі ауданының екі тұрғынын ұстады.

"Қорқытып ақша алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", — деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға күш қолдану арқылы ақша талап етудің "қылмыстық әрекет" екенін ескертті.

"Осындай жағдайдың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Жедел әрекет ету ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді", — деп ескертті полиция.