Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Франция ашық чемпионаты — 2025 турнирінің екінші айналымында Аустралия өкілі, әлемнің 9-ракеткасы Алекс де Минорды жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы керемет ерік-жігер танытып, алғашқы екі сетте 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан, кейінгі үш сетте басымдық танытып, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ойын 2 сағат 52 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 10 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Турнирдің үшінші айналымында Александр португалиялық Энрике Роша мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.