Полиция департаменті 10-нан астам адамнан Abylai tours туралы арыз түскенін растады.


Алматы қаласының полициясы туристік қызмет көрсетумен айналысатын Abylai tours компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны аталған турфирмаға шетелге саяхат үшін 1,2 млн теңге төлегенін, алайда көрсетілуі тиіс қызмет – жолдама да, ақшаның қайта қайтарылуы да орындалмағанын жазған. Оның шағымынан кейін басқа азаматтар да турагенттікке қатысты наразылықтарын білдірген.


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пластикалық операцияларға пайдалану тоқтатылды: өтінімдер саны 130 есеге артқан


Полиция департаменті 10-нан астам адамнан Abylai tours туралы арыз түскенін растады. Қазіргі таңда компанияның әрекетіне қатысты тергеу басталды.

"Әуезов аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – алаяқтық – бойынша іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Тұрғындарға қандай да бір туристік компанияның қызметін пайдаланбас бұрын, оның лицензиясы мен беделін мұқият тексеру ұсынылады.