Қазгидромет синоптиктері ескертеді: суық антициклон Қазақстаннан кетіп, орнына қуатты циклон келеді.
2025 жылғы 13–15 желтоқсан аралығында елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Ылғалды ауа массаларының әсерінен циклон республика бойынша қар мен жаңбыр, боран мен көктайғақ әкеледі.
Кейбір өңірлерде табиғат күшін көрсете түседі. Мамандардың айтуынша, батыс, солтүстік және орталық аймақтарда жел секундына 30 метрге дейін жетеді.
Ал Алматыда ауа райы кенет жылып, температура +7°С дейін көтеріледі.