Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Екі облыста ауа райының бұзылуына байланысты тасжолдар жабылды

Алматы мен Жетісу облыстарында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар бағыттарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

“ҚазАвтоЖол” ақпаратына сәйкес, 11 желтоқсанда сағат 17:40-та “Астана – Қарағанды – Алматы” автожолының 2295-2380 шақырымдары аралығында (Қаншеңгел ауылынан Күрті ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Компанияның хабарлауынша, жолды 12 желтоқсан күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, сағат 18:00-де “Қонаев – Күрті” автожолының 0-67 шақырымдары аралығында да көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл бағыт та 12 желтоқсанда сағат 07:00-де ашылады.

Сондай-ақ көлік қозғалысына шектеу Жетісу облысында да енгізілді. Бұл өңірде сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Сарыөзек-Көктал” автожолының 0-68 шақырым аралығындағы учаскесінде (Сарыөзек ауылынан Алтынемел асуына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған. Жолды 12 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз